Сайын
Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі»
повесі
-Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба, -
деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. –Мен бүгін таң алдында түсімде
ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке
дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі
сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ
иіскедім... Әжем ылғи: «Ағаңды анау Жусандытөбенің үстінде, мал қайырам деп
жүргенде, айдалада тапқанмын», - дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан
қалған... Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...
-Мен де ылғи көкемнің пальтосын жамылып
жатамын. Менің көкемнің пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады, - деді бір
бала.
Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай
дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске
алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. Және бір қызығы – көпшілігіміз ол
иісті жусанның –дәл өзіміздің ауылдың іргесіндегі жусанның иісіндей дестік.
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі»
повесі
Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді
ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.
Отбасында он бес бала бар. Аян –
Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа.
Жусан (Artemіsіa) – күрделігүлділер
тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81
түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік
немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп
орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен
кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке
дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның
17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір
түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм
тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал
азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды
қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді
Ақ жусан (Artemіsіa
lercheana) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, жусан туысының бір
түрі; көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарындағы шөлді және дала
аймақтарының құмайт, құмды және сортаң топырақты жерлерінде, кейде ескі егістік
алқаптарда өседі. Биіктігі 18-45 см, сабағы мен жапырақтарын ұйысқан қалың
бозғылт сұр түк басқан. Тамыры жуан, сүректі келеді. Сабағы бұтақты, жоғарғы
жағындағы жапырағы сағақты, орта шетіндегілері сағақсыз қауырсын тәрізденіп 2-3
рет тілімделген. Гүлі қос жынысты, күлтесі сары, не қызғылт түсті. Гүл шоғында
2-3 гүл болады. Тамыз — қазан айларында гүлдейді. Ақ жусан — қорегі мол, малды
тез семіртетін күздік және қыстық жайылымдық шөп.
Жусанның пайдасы
Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.
Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.
Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштырады. Тіпті, моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады.
Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындайды.
Жусан туралы жазылған шығармалар
1.
Сайын Мұратбеков
«Жусан иісі»
2.
Мұрат Ескендірұлы
Әджи «Жусанды қыпшақ даласы»
Қазақ даласындағы жусан қатерлі ісікке ем
Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті
жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда
кеңінен қолданылатын болды.
Ата-бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген. Шөбі мен тамырының тұнбасын пайдаланған. Оның тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін күшейтуге пайдалы әсері бар. Сондай-ақ оның құрамында инулин, эфир майы және басқа да қажетті дүниелер кездеседі. Елдің арасында демікпеге шалдыққан адамға қара жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскететінін көрген едік. Сондықтан жусанның қасиетін әлі де тани түскеніміз артық емес.
Бір бота туса, бір түп жусан
артық өсер...
Комментариев нет:
Отправить комментарий