понедельник, 26 мая 2014 г.

Қош келдіңіздер!

    Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.

    2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін Ұлттық академиялық кітапханада академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.